90 тонна жүзім. "Қапыланбекте" контрабанданың жолы кесілді

16 Тамыз 2022, 03:33 1530

Бұл ретте, мұндай жүктерге қатысты кедендік бақылау жүргізу уақыты жедел тәртіппен қаралады.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Қапланбек» кеден бекетінде жүзімнің контрабандалық жолмен әкелінуінің алдын алды, деп хабарлайды EL.KZ департамент дерегіне сілтеме жасап.

Көлік құралдарының қозғалысын Кедендік бақылау нысандарын орталықтандырып тағайындау және тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы заңсыз әкелудің жолын кесу шеңберінде Комитетте ахуалдық орталық құрылды.

Ахуалдық орталықтың функциясына мемлекеттік шекарадағы процестерді толық мониторингілеу және талдау, кедендік жете тексеруді бақылау, ИТК рентген-суреттерін талдау кіреді.

Ағымдағы жылы жазғы маусым кезеңінде импорттық әлеуетті дамыту және арттыру мақсатында Комитет жеміс-көкөніс өнімдерін импорттаушыларға қатысты тағайындалатын тексерулер санын азайтты.

Бұл ретте, мұндай жүктерге қатысты кедендік бақылау жүргізу уақыты жедел тәртіппен қаралады.

Мәселен, кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде, егер көлік құралына тез бүлінетін тауарлар тиелген болса, тауарларды көлік құралының жүк бөлігінің бүкіл ұзындығы бойынша дәліз әдісімен ішінара түсіру жүзеге асырылады.

Мұндай жүктерді кедендік жете тексеруді жүргізу уақыты 40 минуттан аспайды.

Сонымен қатар, СЭҚ-тың кейбір қатысушылары берілген жеңілдіктерді пайдалана отырып, тауарларды заңсыз әкелу үшін сұр схемаларды пайдаланады.

Мысалы, ағымдағы жылдың 11 тамызында Ахуалдық орталық тағайындаған кедендік жете тексеру кезінде тек 6 көлік құралында 90 тоннадан астам декларацияланбаған «жүзім» тауары анықталды.

Жалпы жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша МКД кеден бекеттерінің қызметкерлері жүргізген кедендік жете тексеру нәтижесінде 879 кедендік заңнаманы бұзу фактісі анықталды, декларацияланбаған тауардың жалпы салмағы 823 тоннаны құрады.

Негізінен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару мақсатымен ипорттаушылар декларацияда неғұрлым арзан тауарларды мәлімдейді.

Анықталған бұзушылықтар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілікке тартылды.

ҚР Қаржы министрлігі шекарада тұрып қалуға жол бермеу мақсатында СЭҚ қатысушыларды кеден заңнамасын сақтауға және декларациялау кезінде әкелінетін тауарларды анық мәлімдеуге шақырады.

EL.KZ
Бөлісу: