9 қарашаға арналған ауа райы болжамы

9 Қараша, 07:44 396

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, 9 қарашада көп өңірде қолайсыз ауа райы болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодарда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Қызылордада түнде көктайғақ күтіледі.

Қостанайда күндіз көктайғақ, бұрқасың күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетауда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семейде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскеменде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысының облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Павлодарда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Петропавлда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Зарина Арман
Бөлісу: