«9-20-25» ипотекасы қашан іске қосылады

1 Ақпан, 10:15 1006

«9-20-25» ипотекасы 1 наурыз күні іске қосылады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарламаны жүзеге асыруға 2024 жылға 150 млрд теңге бөлінген. Жоба аясында 8 мың адам тұрғын үй несиесін рәсімдей алады. 

Бұл бағдарлама бойынша 20 % бастапқы жарна салып, 9 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға дейін баспана несиесін рәсімдеуге болады.

Айта кетейік, «9-20-25» ипотекалық бағдарламасына соңғы бес жылда баспанасы болмаған жұмысшы жастар ғана қатыса алады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: