Әлеуметтік желіде 88 жастағы жүк көлігі жүргізушісінің видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана-Петропавл тас жолында фура тізгіндеген әжей жолай өтіп бара жатқандардың назарын бірден аударған.
Оқи отырыңыз:
Желі қолданушылары кейуананың ширақ қимылына, батылдығына таңдай қағып, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.
Мына видеоны жоғары жақ көріп қоймасын, әйтпесе зейнет жасын 85-ке көтеріп жіберер, – деп әзілдегендер де табылды.
Көпшілік ақжаулықты анаған мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеген. Сонымен қатар кей пікір қалдырушылар мұндай ауыр техниканы басқару – үлкен жауапкершілік екенін айтып, егде жастағы адамдардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді.
Әжейдің кім екені әзірге белгісіз, бірақ желідегі ролик оның шынайы еңбекқорлығымен көпшіліктің жүрегінен жол орын алды.
Бұған дейін 80 жасында Нью-Йоркті бағындырған марафоншы туралы жазғанбыз.