87 жасында ширақ көрінетін Нұрғали Нүсіпжанов елді таңғалдырды

30 Қаңтар, 18:33 37780

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желіде ән орындаған видеосын жүктеп, жұрттың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жақында ғана 87 жасқа толған туған күнін атап өткен өнер иесі әлі де бабын жоғалтпапты. Бойын тік ұстап, жиналған қауым алдында әннен шашу да шашты.

Абыз әншінің өнеріне, өз-өзін ұстауына көпшілік тәнті болып, мақтауды жаудыртты. 

«Не деген келбетті кісі», «Тіл-көзіміз тасқа, 100 жасаңыз», «Бұл кісінің өзі де байсалды, алып тұлға ғой, шіркін», «Жап-жас жігіттей, жеңешеме рахмет», - деп жазды оқырмандар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Nurgali Nusipzhanov (@nurgali_nusipzhanov_official)

Естеріңізге сала кетейік, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иесі Нұрғали Нүсіпжановқа жақында ғана Алматы облысының «Құрметті азаматы» атағы табысталды. Ал оның сахнада жүргеніне 70 жыл болған

Мадина Асылбекова
Бөлісу: