86 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов көпшілікті сүйсінтті

28 Сәуір 2023, 16:32 28747

ҚР халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов 86 жасқа келсе де сымбатымен көпшікке үлгі. Ол әлеуметтік желіге видео жариялап, көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адам мен табиғат - егіз ұғым, деп жазған әнші Instagram парақшасына.

Ал желі қолданушылары әдемі қартаюдың нағыз үлгісі деп риза болған.

«Аға, аман болыңыз, жүз жасаңыз», «Әдемі қартаю деген осы шығар.Қандай керемет», «Құдайдың сүйгені деген осы шығар, дауыс сол қалпы. Аман болыңыз», «Күшті сіз керемет», «Ғұмырлы болыңыз, аға», «Жұбайыңызбен біргіңіз көргіміз келеді», - деген пікірлер жазылған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Nurgali Nusipzhanov (@nurgali_nusipzhanov_official)

Айта кетейік, былтыр қыста Нұрғали Нүсіпжанов сырқаттанып, ауруханаға жатып шыққан еді. Сол кезде өнердегі інісі Рамазан Стамғазиев ағасының күйінішін жеткізген болатын.

Қазақ өнерінің қара нары, бүкіл өмірін өнерге арнаған ақсақал абызы, күнде 85-ке келіп жатқан жоқ. Алматының мәдениет басқармасы, әкімі қайда қарап отыр. Мәдениет министрі, көмекшілері қайда?! Оларға айтатын адам жоқ па?! Ұят болды, айтатын сөзім жоқ. Нұрғали ағамызға Жаратқан ием күш-қуат берсін. Жасай беріңіз, Нұр аға. 90-100-ге келген тойыңызды көруге жазсын, - деп жазған еді Стамғазиев сол кезде.

Еске салып өтейік Нұрғали Нүсіпжанов осыдан 4 жыл бұрын отау құрған. Белгілі әншінің таңдауы өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешке түскен.

Алмас Абылай
Бөлісу: