Диабет – XXI ғасырдың ең ауқымды әрі қауіп төндіруші созылмалы ауруларының бірі саналады. Бүгінде әлемдегі ересек адамдардың 11,1%-ы, яғни әр тоғызыншы жан осы диагнозбен өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Диабеттің жасырын дамуы жағдайды одан сайын күрделендіреді: диабетпен ауыратындардың 40%-дан астамы өзінің науқас екенін білмей, ұзақ уақыт емсіз жүреді. Бұл жүрек-қан тамыр жүйесі, көру қабілеті және бүйрек жұмысына байланысты ауыр асқынулардың жиілеуіне әкеледі.
Халықаралық зерттеулердің ортақ болжамы да оптимистік емес: 2050 жылға қарай диабетке шалдыққан адамдардың саны 853 миллионға жетіп, жер бетіндегі әр сегізінші ересек осы аурумен өмір сүретін болады. Урбанизация, дұрыс тамақтанбау, қозғалыс аздығы және әлеуметтік-тұрмыстық теңсіздік бұл көрсеткіштің өсуін одан әрі жылдамдатуда.
Осындай күрделі эпидемиологиялық ахуалдың аясында Халықаралық диабет федерациясы жақында 5-типті диабетті жеке, дербес ауру формасы ретінде ресми түрде таныды. Бұл шешім аурудың табиғатын тереңірек түсінуге, диагноз қоюды нақтылауға және әр типке бағытталған тиімді емдеу тәсілдерін қалыптастыруға жол ашады.
5-типті диабет — медицинада жақында ғана жеке ауру ретінде танылған, салыстырмалы түрде жаңа метаболикалық патология. Ол көбіне табысы төмен мемлекеттерде жиі кездесіп, әлем бойынша шамамен 20–25 миллион адамға әсер етеді. Бұл типтің ерекшелігі — қалыпты диабет формаларынан өзгеше дамуы мен өзіне тән клиникалық көріністерінде.
5-типті диабеттің негізгі сипаттамалары:
Дене салмағының төмен болуы
Инсулиннің айқын тапшылығы
Инсулин жетіспеушілігінің аутоиммундық себептерге қатысы жоқ
Қазіргі ғылыми түсіндірулерге сүйенсек, бұл аурудың тамыры адамның ерте өсу кезеңіндегі созылмалы қоректік жетіспеушілікпен байланысты. Ұрық пен балалық шақта қажетті микро- және макронутриенттердің жеткіліксіз болуы ұйқы безінің дамуын тежейді. Соның салдарынан бұл орган қалыпты мөлшерінен кіші болып қалыптасады және инсулин бөлетін бета-жасушалар саны да азаяды.
Нәтижесінде организмде инсулин өндіру мүмкіндігі төмендейді, ал бұл ересек шақта диабетті аса жоғары қауіппен туындатады. Осы ерекшеліктер 5-типті диабетті басқа типтерден айқын даралап, оны бөлек нозологиялық категория ретінде қарастыруға негіз болды.
Медицина дамыған сайын диабеттің жіктелуі де айтарлықтай нақтыланып келеді. Бүгінде дәрігерлер ондаған тип пен подтипті ажыратады. Соның ішінде ең кең таралған әрі клиникалық маңызы жоғары түрлері мынадай:
Бұл диабет аутоиммундық процесс нәтижесінде дамиды: иммундық жүйе ұйқы безінің инсулин өндіретін бета-жасушаларын қателікпен жояды.
Ауру:
кез келген жаста пайда болуы мүмкін;
өмір салтымен немесе тамақтанумен байланысты емес;
инсулиннің толық тапшылығына әкеледі.
Емдеудің жалғыз тиімді әдісі — өмір бойы инсулин терапиясы (инъекция немесе помпа арқылы).
Диабеттің ең жиі кездесетін формасы. Әдетте артық салмақпен байланыстырылады, алайда бұл тип:
қалыпты дене салмағы бар адамдарда да дамуы мүмкін;
әсіресе оңтүстік азиялық, африкалық және карибтік этностар арасында төмен ИМТ-да да жоғары қауіппен байқалады.
Емдеу тәсілдері:
инсулин секрециясын ынталандыратын препараттар,
жасушалардың инсулинге сезімталдығын арттыратын дәрілер.
Жүктілік кезінде алғаш рет анықталатын көмірсулар алмасуының бұзылысы. Әдетте:
жүктіліктің 24–28 аптасында тіркеледі;
гормондық өзгерістердің әсерінен тіндердің инсулинге сезімталдығы төмендейді.
Бұл диабет түрі босанғаннан кейін басылуы мүмкін, бірақ әйелдің болашақта 2-типті диабетке шалдығу қаупін айтарлықтай арттырады.
Қазіргі медицина кемінде тоғыз сирек подтипті таниды. Оның ішінде:
Моногенді диабет — бір геннің мутациясынан дамитын тұқым қуалайтын форма.
Екіншілік диабет — хирургиялық операциялардан кейін, кейбір дәрілердің ұзақ қабылдануы нәтижесінде немесе басқа созылмалы аурулардың салдарынан пайда болады.
Бұл түрлер сирек кездескенімен, дұрыс диагноз қою — емдеу тактикасын таңдауда шешуші рөл атқарады.