Түркістан облысында 85 млн теңге қарызы бар көлік жүргізуші анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау — қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы Lexus көлігіне қатысты белгі алды. Бұл көліктің иесі қомақты мөлшерде қарызын төлемеген болып шықты.
Полиция қызметкерлері көлікті Шымкент – Самара тасжолында тоқтатып, жүргізушінің қаржы ұйымына 85 миллион теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады, - делінген мәліметте.
Көлік айыптұраққа қойылды. Полицейлер жүргізушіге қарызды уақытында төлеу қажеттігін түсіндірді.