81 жастағы анасын қорлаған Астана тұрғыны қамауға алынды

28 Сәуір 2023, 09:28 1045

Қарт анасын қорлаған астаналық тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 Polisia.kz  мәліметінше, 81 жастағы кейуана «102» арнасына хабарласып, 55 жастағы ұлы үйде жанжал шығарып, өзін кемсітіп, қорлағанын айтқан.

Ер адам үйіне мас күйінде келгені белгілі болды. Кейін, ол анасына балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлаған, сол арқылы психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткені анықталды.

Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Ернар Әбдірашев құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - делінген ақпаратта.

Равиль Ашығали
Бөлісу: