26.07.2025
20:15
387
8 млн теңге: Маңғыстауда екі адам есірткімен ұсталды

8 млн теңге: Маңғыстауда екі адам есірткімен ұсталды

Ақтаудағы Ақжелкен тұрғын алабында екі адам синтетикалық есірткіні сақтап, таратпақ болған жерінен ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Күдікке ілінген екі азаматты тінту барысында олардың бірінен 800-ге жуық дозаны құрайтын «мефедрон» табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Бұл өнімдердің астыртын нарықтағы құны – 8 миллион теңгені құрайды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы бойынша тергеу басталды. Негізгі күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бап 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, - деп жазылған хабарламада. 

Бұл ретте жергілікті полиция тұрғындарға есірткі тарату ауыр қылмыс екенін ескертіп, азаматтарды мұндай әрекеттерден бас тартуға шақырып отыр.