«70 жасынан бастап спортпен шұғылданған ақсақал»

4 Қазан, 09:33 1603

2 саусақты тірек етіп, жерден серпілу жаттығуын жасай аласыз ба? 73 жастағы жамбылдық Баймұқанбет Жұмаділов 70 рет жасайды екен. Онысымен қоймай күн сайын 3 шақырым жүгіретіні тағы бар. Қылшылдаған жас жігіттердің көбі істемейтін жаттығуды ермек еткен атаны қария деуге ауыз бармайды. Ең қызығы – ерекше спорт жаттығуларын 70 жасында орындай бастағаны. Бәріне немересі себеп болыпты.Ол спортшылар жасайтын жаттығулардың видеосын көрсеткен. Оны атасы қайталап көреді. Содан бері құлшынысы артқан.

EL.KZ
Бөлісу: