Атыраулық «Батыстың әжесі» - Хадиша Аймұхамбетова TikTokta стримге шығып, 1 жылда он миллион теңге тапқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Хабар арнасының журналистеріне берген сұхбатында айтты.
Қарашаның төртінде TikTok-ке кіргеніме бір жыл болды. Балам «үйде бала қарап отырсың ғой, TikTok-ке шығасың ба» деді. Ойбай, шығайын, маған да ермек керек дедім. Қалаға келгелі әңгімелесетін үлкен адам жоқ. TikTok-ты шайқап шайқап жатырмын. Мені «әжеге болсын» деп қазақтар қолдайды. Үлкен кісі деп сыйлайды, - дейді әже қуанып.
Tiktok-та «Батыстың әжесіне» 87 000 адам жазылған.
Желі қолданушылары «Алла сізге күш-қуат берсін!» «Аман-сау жүріңіз!» деп әжені қолдап жатыр.