70 жастағы әже 24 жылдан бері такси жүргізушісі болып жүр

11 Наурыз, 11:43 1255

 Маңғыстауда 70 жастағы Гүлшара Жолдасбаева 24 жылдан бері такси жүргізушісі болып жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бұл жұмысқа бала-шағасын асырау мақсатында шыққан.

Жұбайым жоқ. Оларды тамақтандыру үшін көлік жүргізуге тура келді. Алғашында ауылда таксист болдым. Бұл қызметіме ауылдастарым таңғалды.Т өрт-бес жылдан кейін Шетпе-Ақтау тасжолына шықтым, – дейді әже.

Қазір оның 17 жыл бойы бірге жүрген тұрақты жолаушылары бар. Осы жылдар ішінде ол ереже бұзғаны немесе жылдамдықты асырғаны үшін ешқашан жазаланбаған.

Осы уақыт ішінде ол жеті бала тәрбиелеп, бүгінде 15 немере сүйіп отыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: