7 өңірде жолдар жабылды

29 Қараша 2022, 01:13 907

Барлық көлік түрлеріне жүруге тыйым салды

Бүгін кешке қарай Қазақстанның 7 өңірінде автокөлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шығыс Қазақстанда, Абай және Павлодар облыстарында барлық республикалық тасжолдарда жүк және қоғамдық көліктерге, дизельмен жүретін автомобильдерге қозғалыс шектелді. Жетісу облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Үшарал қаласынан Абай облысына дейінгі шекарасында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында "Қызылорда-Павлодар" тасжолында, "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара" тасжолында (Ботақара ауылынпн Павлодар облысының шекарасына дейін), "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" тасжолында (Бүркітті ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) жолға шығуға рұқсат етілмейді.

Ақмола облысында "Астана-Ерейментау-Шідерті" тасжолында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) қозғалыс шектелді.

Түркістан облысында ауа райының нашарлауына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолында (Жамбыл облысының шекарасынан Жанкешу ауылына дейін) барлық көлік түрлеріне жүруге тыйым салды.

EL.KZ
Бөлісу: