«7-20-25» ипотекалық бағдарламасының шарттары өзгерді

9 Қараша, 06:31 662

Қазақстан Ұлттық банкі «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы» қаулыға өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзгерістер Ұлттық банктің 2024 жылғы 30 қазандағы №65 басқарма қаулысымен енгізіледі, онда:

Бұл нормалар халықты, әсіресе, баспанаға мұқтаж азаматтарды мейілінше көбірек қамту мақсатында, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін банктік қарыз шарттары бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды көздейтін заңнамадағы өзгерістерге сәйкес енгізіледі.

Бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері (бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлінісінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және т.б.) өзгеріссіз қалады, – делінген ақпаратта.

Бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20%-дан басталатын бастапқы жарнасы кезінде жылдық 7% жеңілдікті мөлшерлеме бойынша 25 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылды.

2024 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша, бағдарлама аясында 1 059,6 млрд теңгеге жеңілдетілген 76 753 қарыз берілді.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Зарина Арман
Бөлісу: