«7-20-25» бағдарламасы бойынша несие беру тоқтаған жоқ

5 Желтоқсан 2022, 16:43 2194

Қазіргі таңда «7-20-25» бағдарламасы бойынша 811,3 млрд теңгеге 61357 несие берілді

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов брифингте журналистердің қойған сұрағында жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Төрағаның айтуынша, Ұлттық банк 2018 жылдан бастап «7-20-25» бағдарламасына 1 трлн теңге бөлген.

«Бағдарлама шартына сай оның тоқталатын күні белгіленбеген. Яғни, толығымен игерілгенше бағдарлама жұмыс жасай береді. Қазіргі таңда 811,3 млрд теңгеге 61357 несие берілді, оның 188,7 млрд теңгесі әлі де бағдарламада бар. Президенттің сайлауалды бағдарламасында берілген тапсырма бойынша әлі де жалғасын табады», – деді ол.

Сондай-ақ, 1 трлн теңге біткеннен кейін тағы да ақша бөлінетіні туралы айтылды.

«Бұл қаржының сомасын бағдарламаға өзгеріс енгеннен кейін білесіздер. Ұлттық банк қазіргі таңда бағдарламаның негізгі шартын өзгертпейді», – дейді ҚҰБ төрағасы Ғалымжан Пірматов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: