63,5 келі салмақта финалға шыққан боксшылар анықталды

9 Сәуір, 17:45 637

Бокстан Астанада өтіп жатқан лицензиялық жарысқа іріктеу турнирінде 63,5 келі салмақта финалға шыққан боксшылар анықталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Финалда Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Дулат Бекбауов жұдырықтасады. Жартылай финалда Мұхаммедсабыр Жандос Қыдырәлиевпен кездесіп, жеңіске жетті. 

Ал екінші жартылай финалда Дулат Бекбауов пен Серік Теміржанов қолғап түйістірді. Жанкүйерлер асыға күткен кездесуде Дулаттың жолы болып, ақтық сынға жолдама алды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: