63 жастағы ер адамның ішегінен тірі шыбын анықталды

27 Қараша 2023, 18:42 3025

63 жастағы америкалық профилактикалық колоноскопияға барған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дегенмен ер адам өзін қандай «тосынсый» күтіп тұрғанын білмеген де.  Дәрігерлер оның ішегінен тірі шыбын анықтаған.

Америкалық шыбынның ағзасына қалай кіріп, оның қалай тірі қалғанын білмейді. Ол өзін жайсыз сезінбегенін айтқан және жуық арада күмәнді ештеңе жемеген.  

Америкалықтың айтуынша, процедура алдында су ғана ішіп, тәулік бұрын пицца мен салат жеген. Бұл тағамда шыбын болмағанына сенімді. Дегенмен мамандардың өздері шыбынның ағзада қалай тірі қалғанын түсіне алмай дал.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: