6 жастағы елордалық бала терезеден құлап кете жаздады

17 Шілде 2023, 21:47 910

Астанада 6 жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кете жаздады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

17 шілдеде сағат 18:42-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшесіне Ғабдуллин 11 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің 14-ші қабатындағы терезеден 2017 жылы туған баланың құлағалы тұрғаны туралы қоңырау түсті. Құтқарушылар келген уақытқа дейін бала терезеден өздігінен түсіп үлгерген. Үйде ата-анасы болған. Құтқарушылар олармен профилактикалық әңгіме жүргізді, - делінген Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Құзырлы орган елорда тұрғындарын балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырды.

Департамент баланың терезеге шығуына жол бермеу үшін барлық жиһазды алыстатып қоюды ұсынады. Сондай-ақ москит торларына құлаудан қорғауға арналмаған. Балаңызға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштер қойған абзал.

Перизат Саденова
Бөлісу: