6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

6 Қыркүйек 2022, 08:27 1378

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Қазгидромет 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы бойынша бірнеше өңірде өрт шығу қаупі бар екенін ескертеді, деп хабарлайды EL.KZ.

Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. 

Қазақстанның қалған аумағында күн жауын-шашынсыз болады. 

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт шығу қаупі өте жоғары.

Жетісу, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде аптап ыстық болады.

EL.KZ
Бөлісу: