6 тамызға арналған ауа райы болжамы

6 Тамыз 2022, 07:41 1019

Үш өңірде ескерту жарияланды

Қазгидромет сенбі күнгі ауа райына байланысты болжам жасады, деп хабарлады EL.KZ.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 6 тамыз күні таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20, екпіні – 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында таңертең және күндіз найзағай болжанады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында күндіз найзағай ойнап, дауыл көтерілуі ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің оңтүстігінде, шығысында, орталығында жел екпіні 15-20 м/с жетеді

EL.KZ
Бөлісу: