6 сәуірде Атырау-Құлсары пойызы жылыойлықтар үшін тегін қатынайды

6 Сәуір, 02:09 778

6 сәуірде Құлсары-Атырау бағытындағы пойыз жылыойлық тұрғындарды тегін тасымалдайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚТЖ Құлсары-Атырау бағытында 5 вагондық пойыз қатынайтынын алға тартты. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Пойыз 06.04.2024 жылы сағат 10:30-да Құлсары станциясынан Атырауға жүретін болса, 19:00-де Атыраудан Құлсарыға аттанады.

Сондай-ақ жолаушының сұранысы негізінде, жолсерікке алдын ала ескерту арқылы Шоқпартоғай және Мақат станцияларына тоқтайтын болады.

Пойыз тұрғындарды тегін тасымалдайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: