6 лауазымды тұлғаға бизнеске заңсыз араласты деген айып тағылды

13 Наурыз, 05:13 793

Антикор бизнеске заңсыз араласу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жыл басынан бастап кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша 6 лауазымды тұлғаға қатысты 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оның ішінде 5 іс сотқа жолданды.

Еске салсақ, 2022 жылы Мемлекет басшысы отандық бизнестің қатысуымен өткен кезекті кеңесте құқық қорғау органдарына бизнесті қорғау саласында бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын.

Агенттік бұл тапсырманы 3 негізгі бағыт бойынша іске асырады:

- «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде бизнес субъектілеріне құқықтық көмек көрсету;

- кәсіпкерлердің өтініштерін сапалы және уақтылы қарау;

- адал кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға негізсіз тартудан қорғау.

Ол үшін агенттік ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеудің аумақтық департаменттерінің келісуін және бизнеске қатысты жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізуді көздейтін алгоритмді әзірленіпп қолданылуда.

Бұл алгоритмді қолдану кәсіпкерлерді 900-ден астам тергеу әрекетінен қорғады. Бұл кәсіпкерлердің 9 айдан астам жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді. Бизнесті қорғау жұмыстары жалғасады делінген агенттіктің мәліметінде.

Оқи отырыңыз: 

Зарина Арман
Бөлісу: