«5742 адам жол ережесін бұзған»: Вице-министр мопед жүргізушілеріне қатысты үлкен мәселе барын айтты

17 Қазан 2023, 14:22 840

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха 1 қыркүйектен бері елімізде 5742 адам жол ережесін бұзғанын айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Үкіметтің баспасөз отырысында мәлімдеді.

Бүгінгі таңда мопед жүргізушілеріне қатысты үлкен мәселе бар. Әсіресе Алматы мен Астана қалаларында. Азаматтардың көбісі жол ережесін елемейді. Соған байланысты тұрғындардан шағым түсіп жатыр. Сондықтан біз бұл мәселені 1 қыркүйектен бастап қолға алдық. Айта кетейік, 1 қыркүйектен бері 5742 адам жол ережесін бұзған. Жаяу жүргіншіні қағып кеткен 271 оқиға тіркелді. Жол қозғалысы ережелерін қайталап бұзғандар саны – 110. Сондай-ақ 16 жасқа толмаған 214 бала мопедті басқарғаны үшін олардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Игорь Лепеха.

Сонымен қатар мас күйде көлік жүргізгені үшін 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Миражан Махан
Бөлісу: