29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАбай облысының әкімдігі Жарма ауданының Қойтас ауылында жылқылар жаппай уланды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын.
Облыстық ветеринария басқармасының және жылқы иесінің мәліметінше, бұл оқиға былтыр болған. Сол кезде жылқылар шұңқырға түсіп, үйір астында тапталып, суға батып кеткен.
Біздің қыстақ Жарма ауданында болғанымен, жайлауымыз Көкпекті ауданында. Соған 21 жыл бойы бір жолмен апарамыз. Бірақ, алтын қазушылар Қойтас ауылының жанындағы өзеннің жағасын ауыр техникамен қазып тастағаны соншалық, үлкен жыралар пайда болды. Өзенді өтемін деген мың жылқы сол жыраларда кептеліп қалып, 57 жылқы суға батып кетті, - дейді «Тайлақ» шаруа қожалығының иесі Олжас Ерсінов.
Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, шаруашылық иесі Жарма ауданы, Қойтас ауылының маңындағы өзенде алтын өндірушілерге қатысты жергілікті халықтың наразылын жеткізді. Жергілікті халық өзеннің бойындағы жыраларды жауып, жағасын қалыпқа келтіруді сұрап отыр.
Бұл жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен облыстық прокуратура, полиция және экология департаментінің өкілдері арнайы тексеріс жүргізуге ауданға жіберілді.
Тексерістің нәтижесі туралы қосымша ақпарат беріледі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек