55 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде бастайды

29 Тамыз 2023, 16:55 870

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың соңына дейін 132 мың оқушы орнын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 55 мың орын 1 қыркүйекте ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Оқу-ағарту министрлігі инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешу үшін 132 мың орындық 154 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ жергілікті бюджет және жеке инвестициялар есебінен 30 мың орындық тағы 26 мектеп ашылады, - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Сонымен қатар келесі жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 461 мың орындық 217 мектеп пайдалануға беріледі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: