Қазақстандықтар енді автокөліктің өткеніне қатысты толық мәліметті онлайн біле алады. «Авто тарихы» деп аталатын жаңа қызмет «ХҚКО» мобильді қосымшасында қолжетімді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қызмет арқылы мына деректерді тексеруге болады:
Мәлімет алу үшін көлік иесі немесе сатып алушы VIN-кодты енгізсе жеткілікті. Жүйе ақпаратты мемлекеттік деректер базасы арқылы нақты уақыт режимінде береді.
Қызмет ақылы: бір тексеру құны – 500 теңге. Ал бірнеше рет қолдануға арналған арнайы ұсыныстар бар: 10 тексеру – 4500 теңге, 20 тексеру – 8000 теңге.
Бұл сервис көлік сатып алу кезінде жасырын мәселелерді алдын ала анықтауға, тәуекелдерді азайтуға және автокөліктің заңды тазалығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол нарықтағы ашықтықты арттырып, алаяқтық жағдайларын азайтады, – делінген ресми хабарламада.