50 жасында қызды болған Баян Алагөзова перзентханадан шықты

6 Тамыз, 17:20 2211

Үшінші рет ана атанған танымал продюсер Баян Мақсатқызы перзентханадан шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйелі мен қызын перзентханадан алып шыққан Тұрсын Алагөзов қуанышымен бөлісті.

Таңнан бері жылап жүрмін. Әлемдегі ең сұлу менің қызым. Күн сайын қызымды ойлаумен болдым. Міне, тағы да жылап тұрмын, - деді ол.

Еске салайық, күні кеше танымал продюсер Баян Мақсатқызы үшінші перзентін өмірге әкелгені туралы хабарлаған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: