5 өңірде психологтар мен заңгерлер отбасындағы агрессорлармен тегін жұмыс істеуде

12 Шілде, 20:37 671

Соңғы екі жылдан бері психологтар мен заңгерлер Қазақстанның бес өңірінде отбасындағы агрессорлармен тегін жұмыс істеуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл бастама Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Әйелдер сәулесі» қоғамдық бірлестігі арқылы Астана, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облысында жүзеге асып отыр.

Өткен жылы мамандар 400-ден астам консультация өткізсе, ал биыл 150-ден астам кеңес берілген. Агрессорлармен кездесу уақытша ұстау изоляторларының, Ішкі істер департаменттерінің аумағында және консультациялық кабинеттерде ұйымдастырылады.

Министрлік хабарлауынша, жоба психологтары ерлерді ашуын бақылауға үйретеді. Сондай-ақ  жанжалдың алдын алу үшін серіктеспен диалогты қалай құру керектігін айтады. Жоба психологтарының айтуынша, отбасында әлімжеттік жасайтындар өздерінің қателіктерін мойындап, өкініш білдіретін жағдайлар болған. Көбі психологпен одан әрі жұмыс істеуге келісім береді.

Зарина Арман
Бөлісу: