5 мыңнан астам алматылық шет тілдерін тегін үйреніп жатыр

28 Қыркүйек, 08:45 425

Алматыда «Тілдер паркі» жобасы сәтті жүзеге асуда. 5 мыңнан астам қала тұрғыны ашық аспан астында қазақ және шет тілдерін тегін үйреніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткізілген жоба қаланың барлық ауданын қамтиды. 

6 жастан 60 жасқа дейінгі жандарға арналған курс аптасына 3 рет өткізіледі. Мұнда ағылшын, қытай, корей, жапон, француз, түрік, орыс және әрине, қазақ тілі үйретіледі. Курсты аяқтаған соң сертификат беріледі.

Қала әкімдігі күзгі-қысқы кезеңге өтуге байланысты сабақтар комьюнити орталықтарда өтетінін алға тартты. Кестені ауданыңыздағы комьюнити орталықтан немесе Call-орталықтың +7 747 821 6478 нөмірі арқылы білуге болады. 

Перизат Саденова
Бөлісу: