05.06.2025
10:49
891
5 маусым – қоршаған ортаны қорғау мамандарының кәсіби мерекесі

5 маусым – қоршаған ортаны қорғау мамандарының кәсіби мерекесі

Бүгін экологтар мен табиғатты қорғаумен айналысатындардың барлығы кәсіби мерекелерін атап өтеді, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Қазақстанда 5 маусым - қоршаған ортаны қорғау мамандарының кәсіби мерекесі - Экологтар күні атап өтіледі. Экология тақырыбы еліміздің даму стратегиясында маңызды орын алады. Қазақстанда Президенттің бастамасымен былтыр іске қосылған жобалардың бірі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы бүгінде ауқымды қозғалысқа айналды.

Оқи отырыңыздар:

Аумақтарды тазалау, ағаш отырғызу, өзендер мен көлдерді қоқыстан тазарту – осының бәрі қоршаған ортаға, туған жерге ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады.