5 күн бұрын жоғалған атыраулық табылды

31 Қазан 2023, 02:10 321

Атырауда 5 күн бұрын жоғалған азамат БҚО-дан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, 28 қазан сағат 12:10 шамасында Исатай аудандық полиция бөлімінің “102” арнасына 101 абонеттік номерінің операторы 1976 жылы туған тұрғынның 3 күн бұрын Айбас елді мекенінде мотоциклмен мал іздеуге шығып, қайтып оралмағаны жөнінде хабарлаған.

Аталған хабарлама бойынша Исатай аудандық полиция бөлімі жедел тергеу тобының қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізген. Жақын туыстарынан түсінік алу барысында 47 жастағы азаматтың мүлдем ішімдік ішпейтінін, денсаулық жағдайының жақсы, ешқандай есепте тұрмағанын, сондай-ақ бұрын хабар ошарсыз кету дерегі болмағанын анықталды.

Хабар ошарсыз кеткен азаматтың көк түсті Ұлар250кб мотоциклінің жанар жағармайы таусылып, оқиға орын алған жерден шамамен 30-40 шақырым қашықтықта Атырау қаласына қарай бағытта табылған. Исатай аудандық полиция бөлімі жедел-тергеу тобының екі күнге созылған іздестіру шаралары нәтижесінде 30 қазан күні кинолог мамандар жоғалған азаматты Исатай ауданынан 270 шақырым жерде орналасқан Батыс Қазақстан облысы Жаңқала елді мекенінен аман-сау тапты.

Берік Арманов
Бөлісу: