5 айда қазақстандық әуе компанияларға 8 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынды

3 Желтоқсан 2022, 03:38 1300

Жолаушылар жұмсалған әр сағат үшін билет құнының 3% мөлшерінде өтемақы алуға құқылы.

5 айда қазақстандық әуе компанияларына 8 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңына сәйкес  рейстің кешігуіне әуе компания кінәлі болған жағдайда жолаушыларға салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақ үйде тұру мен оған барып, қайтуға дейін көлік тегін түрде ұсынылуы тиіс, - деді ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы Әділет Көбенов.

Бұл орайда көрсетілетін қызметтер талапқа сай ұсынылмаған жағдайда әуе компания әкімшілік жауапқа тартылатынын айта кету керек. Шілдеден бастап рейстердің кешігуі салдарынан жолаушылардың құқықтары сақталмағандықтан қазақстандық авиакомпанияларға 8 мың (8 рет) АЕК сомасына дейін айыппұл салынды. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушылар жұмсалған әр сағат үшін билет құнының 3% мөлшерінде (айыппұл түрінде) өтемақы алуға құқылы.

EL.KZ
Бөлісу: