«+5, +15». Ақпан айында ауа райы қандай болады

15 Қаңтар, 11:00 8326

Синоптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, ақпан айында ауа райы нормадан 1-2 градус жоғары болады.

Кей күндері қаңтар айындағыдай аяз түсіп, түнде -20,-28 градус, күндіз -10, -15 градусқа дейін суытады, – деп жазылған хабарламада.

Солтүстік Қазақстанда ауа температурасы сәл ғана көтерілсе, оңтүстік облыстарда +5, +15 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: