49,9 мың қазақстандық өз үйіне оралды

6 Мамыр, 11:57 837

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте су тасқыны бойынша ахуалды баяндады, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 20 үйден су сору жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. СҚО-ның Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары  жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 184 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, - деді Асқар Шәріп.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс ауылында Торғай өзені су деңгейінің біртіндеп көтерілуіне байланысты ұзындығы 2,5 км бөгет тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. 30 мыңнан астам қапшық пен 19 мың тоннадан астам инертті материал төселді. Су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізілуде. Жағдай ерекше бақылауда.

Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан су сорылды. 49 945 адам өз үйлеріне оралды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: