Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Кеше Ақтаудағы 26-шағынауданның тұрғындары аулада жүрген балаларға мас адамның тиіскенін айтып, шу шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті тұрғынның айтуынша, ауладағы балалар 47 жастағы ер адамның қызды сүйіп, оған шоколад алып беруге уәде бергенін жеткізген.
Оқи отырыңыз:
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оларға 47 жастағы тұрғынның балаларға тиіскені туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оған қатысты екі хаттама толтырды.
2023 жылғы 25 шілдеде «102» кезекшісінің пультіне 28а шағын ауданындағы үйдің жанында ер адамдар арасында төбелес болып жатқаны туралы шақыру келіп түсті. Учаскелік инспектор шақыруға шықты. Әңгімелесу барысында 47 жастағы ер адам балаларға қырындағаны белгілі болды. Аталған азаматқа екі бап бойынша әкімшілік хаттама жасалды. 440-баптың 3-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу) және ҚР ӘҚБтК 449 (қоғамдық орындарда қырындау), - деп мәлімдеді аймақ полициясы.
Бұл баптарға сәйкес күдіктіге 15 АЕК (51 750 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары