«46 жаста тұрмысқа шыққандағы әсерім 18 жастағыдай». Танымал композитор махаббат хикаясымен бөлісті

6 Қазан 2023, 16:13 3551

46 жасында өмірлік серігін жолықтырған белгілі композитор Ғалия Шаудырбаева махаббат хикаясы туралы айтып берді. Ол бұл туралы Stan.kz YouTube арнасына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Түр әлпетіміз қартайғанымен, жүрегіміз қартаймайды. Кім не десе о десін, мен бақытқа лайықпын, - деді ол.

Композитордың ендігі арманы – қызды болу. Сондай-ақ ол өмірлік серігімен қалай танысқанын айтып берді.

Әлеуметтік желі арқылы таныстық. Тура ораза айы басталған кезде «Аллаһым, маған мені сүйетін, аялайтын, құрметтейтін азаматпен таныстырып, бас қосуыма көмектесші» деп жазып, пернетақтаның астына салып қойдым. Сол тілегімді Жаратқан қабыл етті ме, бір апта ішінде өмірлік серігімді жолықтырдым. Бір ай қыз бен жігіт болып, тарауыққа барып жүрдік. Құдайдан «осы азамат маған лайық болса, неке қияйық, заңды некеге тұрайық» деп айтса» деп тіледім, - дейді ол.

Оның сөзінше, көп уақыт өтпей олар некелерін қиған.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: