4 пайыздық автонесие бағдарламасы 2023 жылы басталады

23 Желтоқсан 2022, 19:38 5424

Бұл туралы Қазақстанның Даму банкінің баспасөз қызметі мәлім етті

2023 жылғы қаңтарда елімізде көлік алуға жеңілдікпен төмен пайызбен несие беру басталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«2023 жылдан бастап барлық қолданыстағы бағдарламалар бойынша шарттар өзара үйлестіріледі. Орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету үшін бұдан әрі бағдарлама бойынша қаражаттың бір ғана операторы ретінде Даму банкін қалдыру көзделеді. Қазіргі уақытта бағдарламаларға қатысатын екінші деңгейлі банктер қолданыстағы кредиттерді өтеуден түсетін төлемдерді жинақтау процесін жүзеге асырып жатыр. Револьверлік тетік негізінде жеңілдікпен қарыз беруді бастау 2023 жылғы қаңтардың екінші жартысына қарай жоспарланып отыр», - делінген ҚДБ мәліметінде.
EL.KZ
Бөлісу: