Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБылтырдан бері іске қосылған жеңілдетілген автонесиенің шарттары өзгереді. Енді тек азаматтардың жекелеген санаттары ала алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Kolesa.kz порталына берген сұхбатында Өнеркәсіпті дамыту қоры басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров айтты.
Әртүрлі ұсыныстар түсті. Соның ішінде бүгінгі күннің ең мүмкін нұсқасы жеңілдетілген автонесие ала алатын азаматтар санаттарын анықтау болып отыр. Енді бағдарлама Қазақстан азаматтарының барлығына бірдей берілмейді. Қазіргі уақытта аталған санаттарды нақтылау бойынша Инвестициялар және даму министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингімен» бірлескен жұмыстар жүріп жатыр, - дейді Ринат Гаппаров.
Оның айтуынша, қазіргі кездегі басты міндет өтініш беру кезеңінде азаматтың жеңілдікті санатқа жататынын анықтау болып отыр екен.
Өтініш берудің жеке басына қатысты барлық деректер базада болуын реттеп, шешім автоматты түрде шыққанын қарастырып жатырмыз, - дейді қор өкілі.
Ринат Гаппаров 4 пайызбен берілетін жеңілдікке 2-3 миллион қазақстандық қана ие бола алады деп отыр.
Айта кетейік, бағдарлама былтырғы жылдың 16 мамырынан басталған болатын. Автосалондар таңғы уақыттан кезекке толып, ажиотаж басталған еді. Ақша таусылғанша, кезектің мәселесі шешілмеді.
Ал биыл 6 ақпанда бағдарлама онлайн түрде іске қосылды. Басында әр ай сайын беріледі дегенмен, наурыз-сәуірде ешкімге берілген жоқ.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес