04.03.2023
07:20
1021
4 наурызда бір қалада ауа сапасы нашарлайды

4 наурызда бір қалада ауа сапасы нашарлайды

4 наурыз күні елдің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Осылайша, республика аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.