4 миллион теңге: Алматыда пара туралы хабарлаған алты азаматқа сыйақы берілді

11 Қыркүйек, 15:30 453

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті биыл пара туралы хабарлаған алты азаматқа 4 млн 486 мың теңге сомасында сыйақы берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыйақы сомасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты белгіленеді.

Пара немесе келтірілген залал сомасы 1 мың айлық есептік көрсеткіштен (3 млн. 692 мың теңге) аспайтын хабарлама үшін сыйақы 30-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін (110 760 теңгеден 369 200 теңгеге дейін) беріледі. Көрсетілген сомадан жоғары болса – сыйақы параның 10%-ына тең болады, бірақ 4 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет (14 млн. 760 мың теңге), – деп хабарлады депараменттен.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың байқаусызда куәгері болған азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке келесі тәсілдердің бірімен жүгіне алады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: