29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Атаулы күн еліміздің егемендігі мен бірегейлігін білдіретін ерекше мереке саналады.
1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны алғаш рет ресми түрде бекітілді. Содан бері бұл күн ұлттық мереке ретінде аталып өтіп келеді.
Мемлекеттік рәміздер – кез келген елдің тәуелсіздігін, тарихын, рухын және болашағын бейнелейтін маңызды нышандар. Қазақстан Туы – бейбітшілік пен болашаққа деген сенімді білдірсе, Елтаңба – ел тарихы мен мәдениетін, ұлттық болмысын айшықтайды. Ал Әнұран – елдің бірлігін, намысын оятатын ұлы рухтың сарыны іспетті.
Рәміздер күні - әр азаматтың жүрегінде отансүйгіштік сезімін нығайтып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға бағытталған. Сондықтан да бүгінгі күн – тек рәміздерді еске алу емес, елге, оның болашағына деген сенімді нығайтатын ерекше күн ретінде ұлықталады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек