4 ақпанға арналған ауа райы болжамы

3 Ақпан 2023, 20:40 1719

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, 4 ақпанда Атырау облысының оңтүстігі мен батысында көктайғақ күтіледі.

4 ақпанда Қызылорда облысының оңтүстігінде, батысы мен орталығында көктайғақ сақталады, тұман болады.

4 ақпанда Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

4-6 ақпанда Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман, көктайғақ болжанады. Жел батыс бағыттан шығыс бағытқа ауысады, облыстың батысында және шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

4-6 ақпанда Алматы қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

4 ақпанда Маңғыстау облысының шығысында бұрқасын болады. Өңірдің батысында, шығысы мен орталығында көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

4 ақпанда Ұлытау облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

4 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болжанады.

4 ақпанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысын тұман басады.

4 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысы мен шығысында тұман күтіледі.

Сондай-ақ 4-10 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын болжанады. Ауа температурасы жоғарылайды. Осыған байланысты қар жылдам еріп, тау беткейлерінен тасқын су ағады, өзен-көлдерде мұз әлсірейді, су деңгейі көтеріледі. Бұл ретте су арнадан асып, тасқын су жайылуы ықтимал.

EL.KZ
Бөлісу: