4-7 қаңтарда Қазақстан биатлоншылары Әлем кубогінің төртінші кезеңінде бақ сынайды

4 Қаңтар, 05:33 1024

Бүгін Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан Әлем кубогінің төртінші кезеңі басталады. Дәл осы күні Италияның Мартелл-Валь-Мартелло қаласында IBU кубогінің де төртінші кезеңі басталады. Екі спорттық додада да Қазақстан құрамасы бақ сынайды, деп хабарлайды El.kz

Қазақстан Биатлоншылар одағының ресми парақшасындағы мәліметке сүйенсек, екі кубоктің де төртінші кезеңі 4-7 қаңтар аралығында өтеді. 
Германиядағы жарыстың алғашқы екі күнінде ерлер арасында 10 км қашықтыққа, ал айелдер арасында 7,5 км-ге спринт сайысы басталады. 6 желтоқсан күні қос із кесу сайыстары өтсе, жарыстың соңғы күні биатлоншылар эстафетада бақ сынайды.

Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында ерлер арасында Дүйсенов Әсет, Мухин Александр, Киреев Владислав, Акимов Никита, әйелдер арасында Егорова Полина, Вишневская-Шепоренко Галина, Кондратьева Анастасия және Крюкова Арина ел намысын қорғайды.

Оқи отырыңыз:

Ал Италияда өтетін кубоктің алғашқы жарыс күні биатлоншылар ерлер арасында 15 км, әйелдер 12,5 км қашықтықта жеке жарысқа қатысады. 6 қаңтар күні ерлер 10 км, әйелдер 7,5 км спринтте бақ сынайды. Бәсекенің соңғы күні 12,5 және 10 км қашықтыққа із кесу сайысымен аяқталады. 

Италияда өтетін додада Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында ерлер арасында Қуандық Ержанат, Тұрлыбеков Бекентай, Дарьин Иван, Бауэр Кирилл, ал әйелдер құрамасында Полторанина Ольга, Скрипкина Алина, Титиевская Кристина, Генева Милана ел намысын қорғайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: