38 градусқа дейін күн ысиды

19 Шілде, 15:13 632

Синоптиктер Қазақстанда 20, 21 және 22 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық қысымның төмендеуінен кейде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады және екпінді жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, ал шығыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ пен қатты нөсер жаңбыр күтіледі.

Күндіз ауа температурасы республиканың солтүстігі мен шығысында +20...+28, оңтүстігінде +34...+39, республиканың орталығында +25...+33, оңтүстік-шығыста +30...+38, батысында +33...+38 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: