34 жастағы әйел ұлының мәйітін чемоданға салып, қоқыс жәшігіне тастап кеткен

15 Шілде, 13:35 9878

Ресейдің Пермь қаласында қоқыс жәшігінің жанынан чемоданға салынған баланың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пышақ жарақаттары бар 9 жастағы баланың мәйітін үйсіз адам тауып алып, полицияға хабарлаған. Құқық қорғау органдары «жас баланы өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Марқұмның жеке басы анықталған кезде тергеушілер анасымен тілдеспек болғанда, әйел қашып кеткен. Көп өтпей қаладағы ғимараттардың бірінде жасырынған 34 жастағы әйел ұсталды.

Баланың денесі салынған чемоданды қоқыс жәшігінің жанына әкеліп қойып жатқан әйелді бейнебақылау камералары түсіріп алған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: