-33 градусқа дейін аяз: Қай өңірлерде ауа температурасы күрт төмендейді

4 Желтоқсан 2023, 12:15 31300

Казгидромет Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Аптаның басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі.

6 желтоқсанда еліміздің солтүстігінде қатты қар болжанады, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

7 желтоқсанда суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен бүкіл республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасы түнде еліміздің батысында, орталығында және шығысында 10-18 градус аязға дейін, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 25-33 градус аязға дейін, оңтүстігінде 5-13 градус аязға дейін күрт төмендейді. Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтілуде.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: