30 шілдеге арналған ауа райы болжамы

30 Шілде 2022, 06:50 1587

Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. 

«Қазгидромет» РМК 30 шілдеде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды EL.KZ.

Ақмола облысының солтүстік жартысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстігі мен батысында күші 15-20 м/с құрайды. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр болжанады. Облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің бағыты батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. 

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз шығыста екпіні 18 м/с құрайды. 

Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр болжанады. Өңірдің оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жетісу облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз өңірдің орталығында күші 15-20 м/с артады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. 

Қостанай облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

EL.KZ
Бөлісу: