22.01.2024
10:23
3089
«30 жыл бойы қызмет еткен». Жамбылда теміржол қызметкерлерін пойыз қағып кетті

«30 жыл бойы қызмет еткен». Жамбылда теміржол қызметкерлерін пойыз қағып кетті

Жамбыл облысындағы Шу станциясы аумағында пойыз қағып кеткен 2 қызметкер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 21 қаңтарда Шу-Шығанақ пен Жиделі-Бірлік учаскесінің аралығында болған. Шу станциясы аумағында 4 қызметкер вагондардан түсіп қалған пойыз жабдықтарын іздеуге шыққан. Сол мезетте №71 пойыз екі қызметкерді қағып кеткен. Екі қызметкер де алған жарақаттарынан көз жұмған.

Ер адамның бірі 62, екіншісі 57 жаста болған. Екеуі де теміржол қызметінде 20-30 жылға жуық қызмет атқарған. 

Шығанақ-Шу учаскесінің маңында теміржол көлігінің екі қызметкерімен жазатайым оқиға болды. Пойыз жүргізушісі тежегішті басқанымен апаттан құтылу мүмкін болмады. Барлық мән-жайларды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды. Тергеу басталды, - деп хабарлады Қазақстан темір жолы компаниясының өкілдері.

Компания қызметкерлердің отбасыларына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсететінін жеткізді.