30 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

30 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК мамандары 30 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Синоптиктердің айтуынша, еліміздің бірқатар өңірінде 40 градусқа дейін аптап ыстық күтілсе, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ыстық ауа райы:

Жетісу мен Алматы облыстарында температура +37…+38°С-қа дейін көтеріледі.

Маңғыстау облысында +40°С-қа дейін аптап ыстық күтіледі.

Ауа райының сипаты:

Батыс антициклонының әсерінен еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Ал қалған аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы және қатты жел соғуы мүмкін. Сондай-ақ республика аумағында желдің күшеюі болжанып отыр. Оңтүстік-батыс, оңтүстік және орталық өңірлерде шаңды дауыл тұрып, түнде және таңертең кей жерлерді тұман басуы ықтимал.

Өрт қаупі деңгейі:

Жоғары өрт қаупі: Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, сондай-ақ Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Қостанай облыстарының бірқатар аудандарында.

Төтенше өрт қаупі: Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, сонымен қатар Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Атырау, Қостанай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының жекелеген аймақтарында.